Әлемде құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 16 пайыздан астамы контейнермен жіберіледі. Бірақ, елімізде оның үлесі әлі де төмен -небәрі 7 пайызға жуық. Бұл саланы жандандыру мақсатында жаңа бағдарламалар қабылдануы тиіс. Қазан айының соңына дейін кеден және логистика қызметін көрсететін Смарт Карго біріңғай цифрлық жүйесі іске қосылады. Бұл -мемлекет басшысының тапсырмасы. Заманауи жүйе инфрақұрылымды жеке компанияларға автоматты түрде бірдей қолжетімді етеді.
АХМЕТ МЫРЗАҒАЛИЕВ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:
Бүкіл өнім біздің елдің үстімен тез өту керек, сапалы өту керек. Ол үшін мына үндеуде жасалған жолдар Жасанды Интеллектті, цифрлы технологияның бәрі де соған үлкен көмек береді деп ойлаймыз.