Елімізде Каспийдің су ресурстарын сақтау туралы мемлекетаралық бағдарлама әзірленеді. Теңіздің тартылуына алаңдаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке осындай тапсырма берді. Бұл құжат Каспий маңындағы елдердің үйлесімді әрі жедел қимылдауына арқау болады,- деді. Су шаруашылығы мамандарының айтуынша, Каспийдің тартылуына климаттың өзгеруі салдарынан теңіздің булануы себеп. Көпжылдық деректерге сәйкес, жер үсті, жер асты суы, жауын-шашынды қосқанда, жыл сайын Каспий теңізіне 417 млрд текше метр су құйылады. Егер осынша көлемдегі су бу болып, ұшса, деңгейі бірқалыпта тұрады. Соңғы кездегі жағдай, Каспийге құятын өзен суының тым мөлшерінің азайғанын көрсетеді. Бұл жағдай жалғаса берсе, Каспий маңындағы 5 мемлекет қана емес, жан-жағындағы өзге мемелкетке әсер етеді,- дейді су шаруашылығы мамандары.
БИСЕН ҚУАНОВ, СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:
Біздің қолымыздан келетін осы біздің өзендер арқылы Каспий теңізіне құятын судың көлемін көбейту. Оны қалай көбейтеміз. Ол үшін егістік жерлерге пайдаланытн суларды үнемді пайдалану. Жаңа технологиялар арқылы пайдалану. Жайылымдарға су беретін каналдарды су құбырларына ауыстыру мәселесі, сол арқылы бірнеше млн текше метр суды үнемдей аламыз.