Аймақтарда 14 ІТ хаб ашылған. Бұл- жасанды интеллект, ІТ әлемге қызығушылығы ерекше жастарды бір арнаға тоғыстыратын орталық. Бүгінде жүйелі әрі нәтижелі жұмыс істеп тұрған сондай хабтың бірі – «Қызылорда хаб». Ол өңірдегі инновациялық жобаларды жандандырып, стартаптарды дамыту секілді қолдау қызметтерін ұсынады. Пайдаланушылар арасында жоғарғы бағаға ие. Инновация орталығы ЖИ бағытында білім курстарын өткізуді қолға алып отыр.
ЖАНАРЫС ТҮБЕКБАЕВ, «ҚЫЗЫЛОРДА ХАБ» ЖЕТЕКШІСІ:
Білім, денсаулық саласы, әкімшілік қызметкерлері және басқа да сала қызметкерлері біздің орталығымызға келіп, ЖИ бағытында оқудан өтіп жатыр. Сонымен қатар ЖИ жобаларына арналып бізде инкувациялық бағдарлама, арнайы хакатондар өткізіліп келеді. Соның нәтижесін өңірдегі белгілі бір мекемелердің жұмысынан енгізілуінен байқасақ болады.