Елімізде жаңадан ашылған "Келешек мектептерінде" оқушыларға арналған робототехника және жасанды интеллект бағытында арнайы сабақтар жүргізілуде. Мұндай курстар арқылы оқушылар алдымен республикалық деңгейде, кейін әлемдік жарыстарда өз мүмкіндіктерін сынай алады. Бұл бастама техникалық білімге қызығушылық танытқан оқушылар үшін маңызды мүмкіндік.
АСЫЛБЕК МЫРЗАХМЕТ, ЖИ ЖӘНЕ РОБОТОТЕХНИКА МАМАНЫ:
Қазір әрбір "Келешек мектепте" заманауи робототехника, стемп, балаларға қажет құрал жабдықтардың бәрі бар. Біз балаларды арнайы үлкен халықаралық бағдарламалар бойынша оқытамыз. Солардың бірі ferst robotics сияқты жарыстар. Бұл бүкіл әлемде өтетін жарыс. "Келешек мектептерінің" балалар бұл жарыстарға қатысып, жақында үлкен нәтиже алып келген.