$536.76 €630.85 ₽6.45
×

"Цифрлы елге айналатынымыз қуантады", - көпбалалы ана

09.09.2025ж. 19:00
"Цифрлы елге айналатынымыз қуантады", - көпбалалы ана

Президент жолдауын көп балалы отбасылар да мұқият тыңдап шықты. Павлодарлық Салтанат Сипатилова - 5  перзенттің анасы. Екі баласын асырап алған. Балалардың  бірі – биыл колледжге оқуға түскен.  Көпбалалы ана құжат қабылдау кезінде біраз қиындық туындағанын айтады.  Өйткені, асырап алған баласының төлқұжаты оның EGOV-тағы жеке мәліметінде жоқ. Сондықтан да көпбалалы анаға баланы асырап алғанын дәлелдеу қажет болды.  Бірақ,құжатты онлайн түрде рәсімдеу мүмкін болмапты.  Осыған байланысты қажетті құжатты қағаз түрінде тасуға тура келген.  Көп балалы анаға алдағы 3 жылда жаппай цифрлы елге айналуы керек деген Мемлекет басшысының сөзі көңілінен шықты. Өйткені,  қазір заман көз ілеспес жылдамдықпен дамып келеді. Ал бұл көштен қалып қоймас үшін қазірден қамданғанымыз жөн – дейді, көпбалалы ана.

САЛТАНАТ СИПАТИЛОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Біз сияқты бала асырап алған отбасылар үшін цифрлы құжат жағы проблема. Өйткені, баланы емханаға апарсаң да, оқуға апарсаңда қамқорлыққа алынған бала екенін растауым керек. Ал егер EGOV-тағы жеке мәліметте бар болса, бұлай қиналмас едік. Өйткені, бұл балаларды асырап алғандықтан, аты-жөні де, ата-анасы да басқа адам.  Сол себепті біздің жеке мәліметте бұл балалар көрсетілмейді. Осы түйткіл енді бір шешім табады деген ойдамын.