$536.76 €630.85 ₽6.45
×

Трамп: «Жыл басынан бері 7 соғысты тоқтаттым»

Трамп: «Жыл басынан бері 7 соғысты тоқтаттым»

Мен жыл басынан осы уақытқа дейін 7 соғысты аяқтадым. Украинадағы соғысты тоқтату қолымнан келмейді, - дейсіңдер ме? Дональд Трамп журналистерге осылай деп жауап берді. АҚШ Президенті Газа секторындағы қырғынның да аяқталатын күні жақын дейді. Оның үстіне, Америка аумағының өзінде «Заң мен тәртіпті» қамтамасыз етемін, - деп, кейбір мэр және губернаторларды «Ақпа құлақ» деп мазақтады. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды әріптесім Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Небір қанды қырғынды тоқтаттым. Бұны да аяқтаймын. Дональд Трамп журналистерге осылай жауап берді. АҚШ Президенті алғаш рет Украинадағы соғысты тоқтату өзі ойлағандай оңай еместігін мойындады. Бірақ, міндетті түрде жыл соңында қантөгіс тоқтайтынын айтты.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Келесі аптаның басында бірнеше Еуропалық мемлекет басшылары Ақ үйге келеді. Ал, бүгін-ертең Путинмен телефон арқылы сөйлесемін. Алысқа бармай-ақ, жақын арада тоқтатуым мүмкін. Білемін, араларыңда мені сөзінде тұрмады, деп мазақтап жатқандар да бар. Расымен, бұл соғысты тоқтату мен ойлағандай жеңіл болмады. Бірақ, Уганда мен Руанда, Пәкістан мен Үндістан және тағы бірнеше соғысты тоқтаттым. Бар болғаны жарты жыл уақыт кетті.

Газа секторындағы соғыс пен ашаршылық та жақын арада аяқталады. Трамптың айтуынша, Израиль енді келісімге келуге жақын. Бар болғаны ХАМАС талаптарды орындап, тұтқындарды қайтаруы тиіс.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазір ХАМАС қолында 20 тұтқын бар. Өкінішке қарай, жартысы қаза тапқан. Тірілерін тірідей, өлілерінің денесін берсе, Израиль бірден қырғынды тоқтатамыз деп отыр. Сондықтан, мен Израильге қысым жасай алмаймын. Себебі, олардың бейбіт азаматтары құлдықта отыр. Басты талап – сол.

Трамп Чикагоға Ұлттық Ұланды жіберуге шешім қабылдап қойды. Бірақ, жергілікті тұрғындар бұған қарсы. Оның үстіне, штат губернаторы мен қала мэры да разы емес. Оларды Трамп тіпті балағаттай жөнелді. АҚШ Президентінің айтуынша, қазір ең ірі қалалардың бірінде аптасына 50 адам кісі қолынан қаза табады.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен Чикаго мен штат әкімшілігі ақпа құлақтар. Басқаша атай алмаймын. Олармен сөйлескенде: «Бұлардың өзі естері дұрыс па деген ой туындайды». Қарқынды дамыған, бетке ұстар, ірі орталықты дәл осы демократтар қылмыстың отанына айналдырды. Бұлармен қалай сөйлесерімді білмеймін.

Йерусалимде қанды терракт болып, 8 адам қаза тапты. Лаңкестер көше ортасында жаппай оқ жаудыра бастаған. Бірер минут өткенде ғана бір полицей мен жергілікті тұрғын содырлардың көзін жойған.