$536.76 €630.85 ₽6.45
×

Батысқазақстандықтар шаруа "Жер аманаты" жобасының арқасында кәсібін кеңейтуге мүмкіндік алды

09.09.2025ж. 19:00
Батысқазақстандықтар шаруа "Жер аманаты" жобасының арқасында кәсібін кеңейтуге мүмкіндік алды

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының тұрғыны "Жер аманаты" жобасы арқылы кәсібін кеңейтуге мүмкіндік алды. Мал жаятын жерден тарыққан шаруа үшін бұл ұсыныс іздегенге сұраған болды. Аудандық «Жер аманаты» комиссиясының ұсынысымен бірнеше жылдан бері игерілмей жатқан 600 гектар жер «Аманай» шаруа қожалығына берілді. Көңілін демдеген шаруа шөп шабатын техника сатып алып, қысқы мал азығын дайындаған. Қазір ауылдастарын сүт өнімдерімен қамтып отырған еңбеккер кәсібіне қолбайлау болған кедергіден құтқарған жобаға дән риза. Өңірде үш жылдан бері пайдаланылмай жатқан 97 206 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Биыл соның жартысына жуығы пайдалануға беріліпті.

АЗАМАТ БИСЕМБАЕВ, ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Жер аманаты" бағдарламасы бойынша 5 мың гектар жер тапсыру жоспарланса, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде облыстық жер инспекциясының анықтауымен және космомониторингпен анықталатын пайдаланбай жатқан жерлерді біздер кейін қарай қайтарып, айналымға енгізудеміз. Сол жерді беру арқылы инвесторларды тартып, осы ауданды дамыту үшін біздерде жағдай жасалған.