Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселесі өзектілігін жойған емес. Бұл орайда «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы көптің көңілінен шықты. Жолдау барысында Мемлекет басшысы жобаға жоғары баға берді. Негізгі мақсат халықтың мойынындағы қарызды азайту ғана емес, табысының тұрақтылығын қамтамасыз ету екенін атап өтті. Былтырдың өзінде жоба аясында еліміз бойынша 845 мың адам қаржылық білім мен заңгерлерден тегін кеңес алған. Ал Қызылордада былтыр 11 мың адам жоба шарапатын көрсе, биыл 2 есе артып отыр.
АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Қарызсыз қоғам» жобасының тиімділігін ерекше атап өтіп, оны Үкіметпен бірлесіп, елде қаржылық сауаттылықты ел арасында оқыту, алаяқтықтың алдын алу, қаржысын басқару мәселесіне қатысты тағы да тапсырмасын берді. «AMANAT» партиясы Президентіміздің бізге қойған мақсат-міндеттерін статегиялық маңызды тапсырмаларын орындауда бірлесіп жүмыс жасайтын боламыз.