$536.76 €630.85 ₽6.45
×

Біртұтас тәрбие бағдарламасы барлық мектептерге енгізіледі

AstanaTV
09.09.2025ж. 19:00
Біртұтас тәрбие бағдарламасы барлық мектептерге енгізіледі

Қазақстан мектептерінде тәрбие сағаты математика, химия сияқты сабақтарға да енгізіледі. Бұған дейін тәрбие жұмыстарын әр мектеп шама-шарқынша жүргізсе, енді жан-жақты қалыптасқан саналы, жауапты әрі болашақ адал азаматтарды тәрбиелеудің аясы кеңейді. Бұл "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іске асып отыр. Осылайша барлық тәрбие жұмыстарын біріздендіру көзделген. Оған тек сынып жетекшілері мен мұғалімдер емес, мүдделі мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен ата-аналар да жұмылдырылады. Бұрын тәрбие жұмыстары сабақтан тыс уақытта жүргізілетін, қазіргі уақытта оқу стандартына сәйкес сабақ барысында да, сабақтан тыс уақытта да өткізіледі. Сондай-ақ, тәрбие сабақтарына медицина, заң саласының мамандары да қатысатын болады.

ЕРЛАН ҚАЛМАҚОВ, ҚР ОҒУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

Мысалғы математика пәні болса, есептеріндегі мазмұны арқылы, мысалдар келтірген кезде де сол арқылы, мұғалім соны ретімен түсіндіреді. Химияда судың пайда болуын,  оттегі мен сутегінің қосылысын ынтымақ пен бірлік призмасы арқылы көрсететін мұғалімдер бар. Келешк мектептеріне биыл енгізіледі. Пробациядан кейін барлық мектептерге енгізіледі.