«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қостанайдағы №28 мектеп-гимназия шәкірттері клуб құрып, игі бастамаларға мұрындық болып келеді. Мектеп жанынан құрылған экоүйірмеге отыз оқушы белсенді қатысып жүр. Олар білім ошағының аумағын абаттандыру ісіне атсалысады. Ағаш егу, гүл өсіру, ауланы қоқыстан тазарту жұмыстарын істейді. Экоклуб мүшелерінің ізгі ісі өзге оқушыларға да өнеге. Жаппай сенбілікке қатысуды әдетке айналдырған. Экологиялық клубтың мақсаты -оқушылар бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, ауласын, мектебін, айналасын таза ұстауға үйрету, дейді клуб жетекшісі.
БОТА СӘБИТЖАН, №28 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ:
Экологиялық клуб оқушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.Тек ғана мамандардың емес, әр адамның міндеті екенін осы оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Алдағы уақытта үлкен жобалар жасап, осы экологиялық мәлениетті одан әрі деңгейге өтуге өз үлесімізді қосамыз деп сенемін.