$536.76 €630.85 ₽6.45
×

2029 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕВМАТОЛОГТАР КОНГРЕСІ ӨТЕДІ

2029 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕВМАТОЛОГТАР КОНГРЕСІ ӨТЕДІ

Қазақстан 2029 жылы Астанада өтетін Азия-Тынық мұхиты өңірі ревматологтарының халықаралық конгресін (APLAR) өткізуге өтінімді жеңіп алды.

Шешім Фукуок қаласында (Жапония) өткен 27-ші Халықаралық конгрестің барысында APLAR Бас Ассамблеясында қабылданды. 10 өтінімнің 5-і қабылданбады, финалға екі-Қазақстан мен Үндістан шықты. Дауыс беру нәтижесінде 18-ге 15 есебімен біздің еліміздің өтінімі жеңіске жетті.
Конгресс жұмысына 60-тан астам елден 2800-ден астам делегат, соның ішінде ревматологтар, терапевттер, ортопедтер, клиникалық иммунологтар, оңалту мамандары және іргелес бағыттардағы зерттеушілер қатысты.
Форумға қатысушылар ревматологиядағы соңғы жетістіктерді, заманауи терапиялық тәсілдерді және медициналық практикадағы күрделі клиникалық жағдайларды талқылады.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ республикалық ревматологиялық орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас ревматологы, «Қазақ ревматология алқасы» РҚБ президенті, Еуразиялық ревматологтар лигасының (LEAR) президенті Ғалымжан Тоғызбаев ревматоидты артритпен ауыратын пациенттердің қазақстандық тіркелімі тақырыбында баяндама жасады.
Өткен конгресте ревматологтар ассоциациялары Азия-Тынық мұхиты лигасы Ассамблеясының вице-президенті болып бірауыздан Ғалымжан Тоғызбаев сайланды.