$536.76 €630.85 ₽6.45
×

Apple iPhone 17 смартфонын таныстырды

10.09.2025ж. 10:05
Apple iPhone 17 смартфонын таныстырды

Apple ұсынған жаңа құрылғының ең жұқа нұсқасы – iPhone 17 Air, оның қалыңдығы небәрі 5,6 мм, деп хабарлайды Astana TV.

IPhone 17-нің бағасы 799 доллардан, iPhone Air – 999 доллардан, iPhone 17 Pro – 1099 доллардан және 17 Pro Max – 1199 доллардан басталады.

Серия жаңа салқындату жүйесімен, eSIM технологиясымен және батареяны тиімді пайдалануға арналған функциямен жабдықталған.

Смартфондар 19 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.