$536.76 €630.85 ₽6.45
×

329 мың адам 85 мыңнан аз жалақы алады

10.09.2025ж. 12:20
329 мың адам 85 мыңнан аз жалақы алады

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың мәліметінше, 329 мың азамат 80 мың теңгеден төмен жалақы алады. Ал 780 мың адам ең төменгі жалақы – 85 мың теңгеге күн көреді.

Министрлік дерегіне сүйенсек:

Кейбір жұмыс берушілер қызметкерлерді қысқа мерзімді келісімшартпен немесе жартылай уақытқа алады;

Ірі ұйымдар салықтан жалтару үшін заңсыз еңбекке жүгінеді;

Ауылдағы тұрғындардың көбі ең төменгі жалақымен шектелген.

Биыл еңбекақы мәселесі бойынша еңбек инспекциясына бар-жоғы 18 азамат шағымданған.