Президент бүгін екі ел жылнамасындағы тарихи күн екенін атап өтті, деп хабарлайды Astana TV.
Президент Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасының ынтымағын арттыруға, елдеріміз арасындағы достықты бекемдеуге, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Феликс Чисекедиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдағанын айтты.
– Бұл – қазақ елінің Сізге деген ерекше құрметі және шынайы ризашылығы, халқыңызға көрсеткен ыстық ықыласы. Сіз Африка елдерінің жоғары басшылары арасындағы осындай құрметті марапат алған тұңғыш саясаткер болдыңыз, – деді Президент.