Елдегі ең төмен жалақыға 780 мың азамат жұмыс істеп жүр. Яғни олардың еңбекақысы 85 мың теңгеден аспайды. Бұл - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің есебі. Қазақстанда, тіпті, айлығы 80 мың теңгеге жетпейтіндер де бар. Нақтырақ айтсақ, 329 азамат осындай теңгеге жан бағып жүр. Бірақ бұл статистикаға да сенім жоқ. Кейбір жұмыс берушілер салықтан жалтару үшін жұмысшының ақшасын жартылай банк картасы арқылы төлесе, қалғанын әдейі қолма-қол береді.
СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
Бұның ішінде бірнеше санат бар. Біріншіден, талдау жүргізгенде ірі кәсіпорындардың салықтан кету үшін, атаулы төлемдерді республикалық бюджеттен тыс қорларға аударымдардың төлемін азайту үшін 85 мыңды төлеп, басқасын конвертке беретіні бәріңізге мәлім.