$538.2 €629.64 ₽6.34
×

"Адамзат қазір жасанды интеллектпен бірге өмір сүретін дәуірге келді" - Ә. Бәйменов

"Адамзат қазір жасанды интеллектпен бірге өмір сүретін дәуірге келді" - Ә. Бәйменов

Қазіргі заманда мемлекеттердің ұзақ мерзімді тұрақты дамуы үшін бірнеше негізгі фактор қажет. Біріншісі - адами капитал мен құндылықтар, екіншісі - технологиялық даму, оның ішінде жасанды интеллект пен цифрландыру, ал үшіншісі - саяси жүйенің институционалдық тұрақтылығы. Сарапшылардың айтуынша, жаңа технологияларды меңгерген мамандар мен сапалы білімді ұрпақсыз ел бәсекеге қабілетті бола алмайды. Сондықтан Президент білім беру жүйесіне, оның ішінде мектеп бағдарламасына жасанды интеллект негіздерін енгізуді тапсырды. Сондай-ақ бұл бағытта инфрақұрылым жасақтап, халықаралық тәжірибені кеңінен қолдану қажеттігі айтылды. Цифрлы технологияларды уақтылы пайдаланған елдер жаһандық даму көшінің алдыңғы қатарына шығуда.

ӘЛИХАН БӘЙМЕНОВ, АСТАНА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ХАБЫНЫҢ БАСҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Цифрлы технологияны пайдалануда, ол технологияны енгізуде біз біріккен ұлттар ұйымының өлшемі бойынша едәуір алдыңғы қатарлардың сапындамыз. Жасанды интеллектіні өз игілігімізге пайдалансақ ол біздің дәстүрлі шикізат секторына, дәстүрлі транзиттік потенциялымызбен бірлесе  біздің тұрақты дамуымызда оң әсерін тигізетін фактор болмақшы.