Жамбылдықтар Президент Жолдауындағы тапсырмаларды орындауға, жүзеге асыруға ынталы. Өңірде Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында алқалы жиын өтті. Жауаптылар Жолдауда айтылған жеті бағыт бойынша алда атқарылар жұмыстарды жүйеледі.
Жолдауда мемлекет басшысы қадап айтқандай еліміз жаңа дәуірге қадам баспақ. Ол жасанды интеллект және цифрлық даму дәуірі. Бұл заман талабына сай жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.
ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Бізге артылған жүк ауыр. Оған барлығымыз үлкен жауапкерлішікпен қарауымыз қажет. Берілген тапсырмаларды нәтижелі әрі жемісті іске асыру біз үшін өте маңызды. Түп-теп келгенде біздің басты мақсатамыз азаматтардың әл ауқатын арттыру. Жолдаудан туындайтын өзгерістер әр-бір тұрғын сезінуі қажет.
Цифрландыру мен жасанды интеллекті кеңінен қолдану аясында аймақта жаңа жоба іске асырылып жатыр.
ШАЛҚАР АМАНТҰРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қазіргі уақытта «СМАРТ РЕГИОН» стратегиясы әзірленуде. Бұл құжат облыстың барлық аудандарын және елді мекендерін қамтып, әлеуметтік экономикалық салаларды толық цифрландыруға бағытталған. Бұл жол сапасын бағалау, қауіпсіздік аймақтарды талдау, жер қойнауының пайдалануын бақылау, егістік алқаптарын спутник суреттері арқылы анықтау. Сондай-ақ, табиғи апаттардың алдын ала болжау сияқты нақты мәндеттер шешуге жол ашады.
Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін өңірде іс-шаралар жоспары әзірленбек.
САНДУҒАШ АБДЫРАЙЫМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Алдағы уақытта облыстың стратегиялық және бюджеттік жоспарлау саясаты жолдауда айқындалған осы міндеттерді орындауға бағытталатын болады.
Мемлекет басшысы облыс әкімдеріне қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін игеруді тапсырды. Жайылым тапшылығын жойып, шаруаларға қолайлы жағдай жасау керек. Бұл орайда да ауқымды жұмыстар жоспарланған.