$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Зиялы қауым өкілдері Жолдауда көтерілген мәселелерді өзекті деп санайды

Зиялы қауым өкілдері Жолдауда көтерілген мәселелерді өзекті деп санайды

Зиялы қауым өкілдері Жолдауда көтерілген мәселелерді өзекті деп санайды. Әсіресе, ғылым, білім және инновация саласын басқару тәсілдерін өзара байланыстыру туралы шешімді оң бағалап отыр. 

ҚҰЛБЕК ЕРГӨБЕК, ЖАЗУШЫ, ПРОФЕССОР:

Біздің әрбір адамнан тұтас мемлекетке дейін, әрбір отбасынан тұтас мемлекеттік институттарға дейін мемлекетшіл болуымыз керек. Міне, осы мәселе де бүгінгі Президент жолдауында нақты және жақсы айтылды.

ӘЛІБЕК НҰРТАЕВ, Ө. ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ РЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Жыл сайынғы жолдауында мемлекет басшымыз ғылымға және жоғары білім саласына айырықша мән беретіні өздеріңізге белгілі. Қазіргі таңда шетелде жүрген өзіміздің еліміздің мықты мамандарын елімізге тарту, шетелдік мамандарды елге тартып, ғылымды ,жаңа инновацияны, жаңағы Жасанды интеллектке байланысты көптеген мәселелер айтылып отыр.

ҚАЙРАТ АНАРБАЕВ, Ө. ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ, ЖАСТАР САЯСАТЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жасанды интеллект арқылы басқарудың пайдалы жақтары мен кейбір оның қауіпті тұстарына да ел Президенті назар аудара кетті. Бұның барлығы да біздің халқымыздың сауаттылығына, әсіресе, білім беру саласындағы сауаттылыққа жасанды интеллект байланысты екендігін өте дұрыс айтып өтті деп ойлаймын.