$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Ақтөбеде көпқабатты үйлерге "ақылды" есептегіштер орнатылуда

AstanaTV
10.09.2025ж. 19:00
Ақтөбеде көпқабатты үйлерге "ақылды" есептегіштер орнатылуда

Елімізде коммуналдық тариф құны жыл сайын өседі. Монополистер ескірген желілерді жаңарту үшін осындай қадамға барып отыр. Тұтынушылар үшін құн өскенімен қызметтің сапасы өсті ме? Мемлекет басшысы үкімет пен жергілікті әкімдіктердің әрекетсіздігінен сала құлдырап кеткенін айтты. Қазір бұл ахуалды өзгертіп, инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендету үшін тиісті шаралар қабылданып жатқанын тілге тиек етті. Саланы цифрландыру жұмыстары Ақтөбеде қалай жүріп жатыр? Әріптесім тарқатсын.

Қалада апатты  үйлер мәселесі әлі де өзекті.Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазір шаһарда ескірген 28 баспана  бар. Оның сегізі облыстық бюджет есебінен терможаңғыртудан өтуі тиіс. Тұруға жарамсыз 4 көппәтерлі үй реквизициялық бағалау құнына сай, сатып алынбақ. Бұл -тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының нәтижесі.Айта кетейік, бұл салада жаңашылдық та жоқ емес. «Е-ОСИ»-Мүлік иелері бірлестігі бағдарламасы бар.Тұрғындар онлайн түрде бірлестік құрып, төраға да сайлай алады. Қосымша құжат айналымын жүргізуге де қауқарлы.

АҚНҰР ҚАЗБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бәрі онлайн. Барлығы ашық. Қаражаттың қайдан келіп түскені, қаражаттың қайда жұмсалғанын барлығы осы приложениеден көріп, ол тек қана бір тетікті басу арқылы жаңағы қағазды шығарып, ол тұрғындарға беріліп отыра іске асырылады, өте жеңіл.

Президент сынынан кейін еліміздің тұрғын үй заңнамасына өзгерістер енегізілмек. Реформаның негізгі міндеті -халыққа сапалы қызмет көрсету, атқарылған жұмыстың ашықтығы. 

БЛИЦ:

- КСС-ның да қызметін онлайн түрде, ықылы қылып, халыққа жаңағы ыңғайлы қылып төлеп,сол бақылауда болса КСК төлегеннен кейін басшысы отчет берсе халыққа.Тұрғын үй коммуналдық шараны толық онлайн түрде ыңғайлы маған.

- Міндетті түрде керек қой. Енді қазір қалып қойсақ-ертең жете алмаймыз.

Бұрынғыдай тұрғындарды бір жерге жинаудың, сонша көп уақыт өткізудің қажеті жоқ. . Айта кетейік, Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйлерге коммуналдық желілері бойынша «ақылды есептегіштер» қондыру жұмыстары жалғасуда.