Қазақстанда көптен күткен “Қайрат” пен әлемдік алпауыт “Реал Мадрид” арасындағы матчты Алматыда емес, Астана Аренада ұйымдастыру ұсынылды, деп хабарлайды Astana TV.
Бұл бастаманы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек көтерді. Оның пікірінше, мұндай шешім елдің халықаралық имиджіне оң әсерін тигізіп, жанкүйерлер мен шетелдік қонақтар үшін қолайлы жағдай жасайды.
“Жанкүйерлер мен Уэльс футбол федерациясы Қазақстандағы футбол стадиондарының жағдайына шағымданды. Сол себепті, Қазақстанның абыройы үшін қажет болса негізгі аренаға көшіретіндей футбол федерациясы бар мүмкіндікті қолдануы керек. Аутсайдерлермен басқа ойындарды "Қайраттың" өз алаңында ойнатқан дұрыс”,– деді Бақытжан Базарбек.