$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Әлемде сирек кездесетін лотос гүлін тамашалауға Атырау облысына бір айда он мыңнан астам турист келді

Әлемде сирек кездесетін лотос гүлін тамашалауға Атырау облысына бір айда он мыңнан астам турист келді

Әлемде сирек кездесетін лотос гүлін тамашалауға Атырау облысына бір айда он мыңнан астам турист келді. Мамандардың айтуынша, оның 20 пайызы - шетелдіктер. Қиғаш өзенінің  сағасында өсетін ерекше су гүлін насихаттау үшін мәдени-туристік фестиваль ұйымдастырылды. Өзен жағалауы абаттандырылып, жылжымалы қарау алаңдарын орнатты.  Еліміздің туристендіру картасына   Ортағасырлық Сарайшық кешені енген.  Одан өзге өңірлік 5 туристік орын бар. Соңғы кездері  өндірістік туризм мен агроауыл туризміне де қызығушылық жоғары,- дейді мамандар. 

ДИНАРА ТОҚСАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Туристік инфрақұрылымды дамыту және туристік нысандарға барар жолдарды жақсарту мақсатында  облыста  Лотос алқабына, Нарын құмдарына барар Атырау-Астрахань республикалық автожолы,Махамбет ауданындағы орта ғасырлық Сарайшық  қалашығына 13 шақырымға жол салу, Жылыой ауданындағы “Ақмешіт” қорымына 62 шақырымға жол салу секілді бірнеше жобалар  жүзеге асуда.