$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Шымбұлақта аспалы жол тоқтап қалып, 100-ге жуық адам эвакуацияланды

10.09.2025ж. 18:07
Шымбұлақта аспалы жол тоқтап қалып, 100-ге жуық адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

Бүгін теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында «Комби-2» аспалы жолы тоқтап қалды, деп хабарлайды Astana TV.

Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары, ТЖМ РЖҚЖ және курорттың қызметкерлері шұғыл түрде кабинада қалған 21 адамды альпинистік құрал-жабдықпен түсірді. Сонымен қатар Талғар асуында қалған шамамен 100 қонақты қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Сондай-ақ, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының әкімшілігі күтіп тұрған қонақтар үшін ыстық сусындар мен жылынатын орындар ұсынды.

Зардап шеккендер жоқ. Аспалы жол уақытша жұмыс істемейді — қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.