Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 538,2 теңгені құрап, 1,46 теңгеге өсті, деп хабарлайды Astana TV.
Ұлттық банктің 10 қыркүйекке арналған ресми бағамы – 536,76 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа есеппен 538,02 теңгені, сату – 539,85 теңгені құрайды. Астанадағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 537 теңгеден сатып алып, 542 теңгеден сатуда.