$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Алдағы күндері күн салқындайды

10.09.2025ж. 20:33
Алдағы күндері күн салқындайды

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республиканың оңтүстік өңірлерінен басқа аумақтарында күзгі, салқын әрі жаңбырлы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Astana TV.

«11 қыркүйекте солтүстікте, 11-12 қыркүйекте шығыста, 11-13 қыркүйекте Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр жауады, солтүстік пен шығыста бұршақ пен дауылды жел болуы мүмкін. Кезең соңында Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы Оңтүстік циклонының ықпалында болып, жаңбырмен қатар аталған өңірлерде ауа температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болады деп болжанып отыр», – делінген мамандар болжамында.

Болжам мынадай:

  1. Батыста түнде +5…+16°С, күндіз +15…+25°С;
  2. Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, жердің беткі қабатында -2°С үсік, күндіз +8…+20°С;
  3. Солтүстікте түнде +1…+7°С, жердің беткі қабатында -2°С үсік, күндіз +8…+16°С;
  4. Орталықта түнде +1…+10°С, топырақ бетінде -2°С үсік, күндіз +10…+20°С;
  5. Шығыста түнде +1…+11°С, күндіз +15…+23°С дейін жылынады;
  6. Оңтүстікте түнде +12…+20°С, күндіз температура +23…+33°С-тен +25…+35°С аралығында ауытқиды;
  7. Оңтүстік-шығыста түнде +12…+17°С, таулы аудандарда +2…+7°С, күндіз +24…+32°С; таулы аудандарда түнде 0…+5°С, күндіз +8…+15°С.