$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Елде үй бағасы қымбаттады

10.09.2025ж. 22:29
Елде үй бағасы қымбаттады

Бірінші нарықта (жаңа үйлер) ең қымбат шаршы метр Алматыда – 647,7 мың теңге, Астанада – 618,7 мың теңге, Атырауда – 521,8 мың теңге. Ең арзан баға Оралда (295 мың теңге), Ақтөбеде (309,5 мың теңге) және Көкшетауда (333 мың теңге) тіркелді, деп хабарлайды Astana TV.

Екінші нарықта (қайта сату) пәтерлер Алматыда (692,6 мың теңге), Астанада (663,8 мың теңге) және Атырауда (485,5 мың теңге) ең қымбат бағада тұр. Қолжетімді баспана Қызылорда (315,5 мың теңге), Көкшетау (337,5 мың теңге) және Ақтауда (338,5 мың теңге) сатылды.

Жалдау ақысы Алматыда ең жоғары – 5 390 теңге/шаршы м, ал ең арзан Таразда – 2 285 теңге.

Жылдық өсім:

  • Жаңа тұрғын үй – +11,3%

  • Екінші нарық – +8,8%

  • Жалдау ақысы – +8,5%

Ең көп қымбаттаған қалалар қатарында Павлодар, Ақтөбе, Алматы және Қызылорда бар.