$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Непалда коменданттық сағат енгізілді

10.09.2025ж. 23:46
Непалда коменданттық сағат енгізілді

Бұл уақыт аралығында тек жедел жәрдем, өрт сөндіру және қауіпсіздік қызметтерінің көліктеріне ғана жүруге рұқсат берілген, деп хабарлайды Astana TV.

Катманду халықаралық әуежай жабылды.

Әскерилердің мәлімдеуінше, наразылықтарға қатысушылардың арасында қасақана бүлдіруші топтар анықталған. Олар өрт қойып, тонау әрекеттеріне барған.

Құқық қорғау органдары шамамен 30 адам қамауға алынғанын айтады.

Алдыңғы жаңалық