$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген 19 шетелдік ұсталды

11.09.2025ж. 10:26
Пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген 19 шетелдік ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру дерегі анықталды. Тексеру нәтижесінде 19 шетелдік азамат пен Өскемен қаласының 2 тұрғыны құрықталды,-деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға орнынан қымбат металдарды өндіруге арналған техника мен құралдар -экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және өзге де жабдықтар тәркіленді. Сондай-ақ құрамында алтын мен бағалы компоненттер бар металл бұйымдары анықталды.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында заңсыз өндіріске қатысы болуы мүмкін 20-дан астам адамның әрекеттері тексерілуде.