$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Жаңа Парламентте депутаттар саны өзгеруі мүмкін

Жаңа Парламентте депутаттар саны өзгеруі мүмкін

Жаңа Парламентте депутаттар саны өзгеруі мүмкін,-деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. Сенат төрағасы бір палаталы Парламенттің қалыптасуына қатысты пікір білдірді. 

-Президент Сенаттың жұмысына жоғары бағасын берді. Соңғы 30 жылда еліміз үшін маңызды кезеңдер болғаны анық. Осындай күрделі кезеңде Сенат өзінің тарихи миссиясын орындады деп, Президент нақты айтты. Өткен жылдарда Сенат мемлекеттің құрылыстың тұрақтануына тікелей үлесін қосты. Сондықтан, 30 жылда Сенаттың жұмысы өте табысты әрі нәтижелі болды, мемлекеттің дамуына күш-жігерін салды. Өмір болғаннан кейін, біздің саяси жүйеміз дамуы керек, еліміз дамып жатыр. Осыны ескере отырып, Мемлекет басшысы Жолдауда ары қарай парламенттік реформаны жүзеге асыру бастамасын ортаға салды. Бұл ретте, алдағы уақытта жаңа бір палаталы Парламентті қалыптастыру мәселесі көтерілді. Мұны еліміздің дамуы үрдісімен сәйкес келетін ұсыныс деп қабылдадық,-деді Мәулен Әшімбаев.

Осы орайда ол осы маңызды мәселені шешу үшін бір жыл бойы мамандар мен сарапшылар, Парламент депутаттары талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салатынын айтты.