Непалдағы тәртіпсіздіктерге байланысты ел армиясы кейбір қалаларда коменданттық сағатты 12 қыркүйекке дейін ұзартты.
Бүгіннен бастап тұрғындарға шұғыл жағдайларда үйден шығуға рұқсат етіледі.
Непалдағы тәртіпсіздіктерге үкіметтің әлеуметтік желілерге шектеу қоюы себеп болды.
Жаппай шерулер кезінде қаза тапқандар саны 30-ға жетіп, мыңнан астам адам жараланған.
Қоғам талабымен премьер-министр қызметінен аластатылды. Армия елдің уақытша лидерін анықтау үшін бүгін шерушілермен келіссөз жүргізбек.