$538.89 €629.53 ₽6.34
×

Алматыда психотроптық заттарды жеткізу арнасы әшкереленді

11.09.2025ж. 19:43
Алматыда психотроптық заттарды жеткізу арнасы әшкереленді

Алматыда психотроптық заттарды жеткізу арнасы әшкереленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қарасора" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері "Қазпошта" өкілдерімен бірлесіп, психотроптық заттардың ірі партиясын алуға келген адамды ұстады. Тексеру барысында пошта сәлемдемесінің ішінен шамамен 300 дана күшті әсер ететін таблетка тәркіленді.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл препарат шетелге жөнелтілмек болған. Алушы - 31 жастағы Алматы тұрғыны. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер оның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап тексеруде.

Полиция үшін есірткі айналымына қарсы күрес – негізгі басымдықтардың бірі. Біз жеткізу арналарына тосқауыл қойып, профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеміз. Барша азаматтарды қырағы болуға, күмәнді сәлемдемелер мен ұсыныстар туралы дереу ішкі істер органдарына "102" нөмірі арқылы хабарлауға шақырамын, – деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.