$538.89 €629.53 ₽6.34
×

Атырау облысында амнистия бойынша 9 әйел бостандыққа шықты

11.09.2025ж. 22:49
Атырау облысында амнистия бойынша 9 әйел бостандыққа шықты

Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған амнистия аясында еліміз бойынша барлығы 15 мың адамға жеңілдік жасалады. Атырау облысында ҚАЖ департаментінің №79 мекемесінен 9 әйел босатылып, тағы 80 сотталушының жазасы қысқартылды.

Амнистия әлеуметтік осал санаттарға қолданылады: жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары бар аналар, 50 жастан асқан әйелдер және мүгедектігі бар азаматтар.

Жалпы Қазақстан бойынша 6 мың адам бостандыққа шығады, тағы 9 мыңы пробациялық бақылауда қалады. Заң ауыр қылмыс жасағандарға қолданылмайды.