$538.89 €629.53 ₽6.34
×

«Қазақстан халқына» қорының білім грантын 449 талапкер иеленді

12.09.2025ж. 07:18
«Қазақстан халқына» қорының білім грантын 449 талапкер иеленді

Гранттар 72 жоғары және орта білімнен кейінгі оқу ұйымдары арасында бөлінді.

Санаттар бойынша мына талапкерлер студент атанды

2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан Қазақстан азаматтарының балалары – 1;

Жетім балалар немесе кәмелет жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар – 135;

Мүгедектігі бар тұлғалар – 86;

Әлеуметтік аз қамтылған ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы отбасылардан шыққан талапкерлер – 65;

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан тұлғалар – 162.

Үш жыл ішінде «Қазақстан халқына» қорының бағдарламасы аясында 93 жоғары және орта білімнен кейінгі оқу орнынан 3 859 студент грант иегері атанды.

Ал биылғы жылғы грант иегерлерін қоса есептегенде, қордың қолдауының арқасында барлығы 4 308 студент жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болды.