$538.89 €629.53 ₽6.34
×

"Парламенттік Республикаға айналу күн тәртібінде тұрған мәселе емес", - Президент

"Парламенттік Республикаға айналу күн тәртібінде тұрған мәселе емес", - Президент

Парламенттік Республикаға айналу күн тәртібінде тұрған мәселе емес. «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» атты халықаралық форумына қатысушыларымен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты сақталалатынын жеткізді. Меймандарға сот жүйесіндегі оң өзгерістер, саяси реформалар мен жолдауда көтерілген мәселелер жайында айтты.

Конституцияға енгізілген өзгерістер құқық қорғау институттарының рөлін нығайтып, атқарушы биліктің есеп беру міндетін күшейтті. «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» атты конституциялық сот төрелігінің халықаралық форумына қатысушылармен кездескен Мемлекет басшысы осылай деді. Өзге елдердің конституциялық саясатын, әсіресе Венеция комиссиясының заң тәжірибесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл – демократия институттарының дамуын айқындау және адам құқығына кепілдік беру ісіндегі басты бағдарымыз. Биыл Конституциямыздың қабылданғанына 30 жыл толды. Осы орайда, аталған құжаттың жаһандық сын-қатерлер кезіндегі әлеуметтік үйлесімді, тұрақтылық пен қарқынды дамуды қамтамасыз ететін негізгі қызметін атап өткім келеді.

Мемлекет басшысы елімізде қолға алынған ауқымды саяси, экономикалық және конституциялық реформалар жайында сөз қозғады. Қайта жаңғырған Конституциялық сот әділ сот төрелігіне жол ашқанын жеткізді. Одан бөлек Қазақстан халқына арнаған жолдауының мән маңызына да тоқталды. Парламент жүйесіндегі алдағы уақытта болатын өзгерістерді де тілге тиек етті. Парламенттік Республикаға айналу күн тәртібінде тұрған мәселе емес екенін айтты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

"Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидаты сақталады. Жалпыұлттық референдум өткізу туралы ұсыныс бұл тұжырымдаманың өміршеңдігін көрсетеді. Еліміздің болашағына қатысты шешімдерді бірлесіп қабылдау қажет. Сол себепті мен саяси жоспарларымыз туралы алдын ала айтамын. Бұған дейінгі реформалар кезінде де, АЭС құрылысына қатысты референдум өткізгенде де осы ұстанымнан айныған жоқпыз.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның шетелдік конституциялық қадағалау органдарымен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін айтып, алдағы форум жұмысына табыс тіледі.