$538.89 €629.53 ₽6.34
×

«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалында депутаттық фракцияның кеңейтілген отырысы өтті

11.09.2025ж. 19:00
«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалында депутаттық фракцияның кеңейтілген отырысы өтті

Президент Жолдауы елдің әл- ауқатын көтеруге жаңа серпін береді. Онда өңірлердің бірден- бір даму бағыты «Жол картасындағы» барлық мақсаттар қамтылған. Бүгін «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалында өткен депутаттық фракцияның кеңейтілген отырысында осы тақырыптар талқыланды. Белсенділердің айтуынша, білім, медицина, жол, құрылыс секілді маңызды салаларда атқарылатын жұмыстар жыл бойы партияның тікелей бақылауында болды. Оның барлығы 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының Жол картасында қамтылған. Биыл жоспарлы 136 әлеуметтік жобаның 14- і ғана орындалмауы мүмкін. Бұл жоғарғы көрсеткіш болмағанымен жергілікті биліктің жауапкершілігін әлі де арттыру қажет,- дейді олар.

МИРА МАХАТЧИНА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл бақылаудың кезінде талдауда бүгін біз байқап отырғанымыз атқарушы органдардың осы «Жол картасын» орындаудағы жауапкершілігінде. Қаншалықты деңгейде өткізді, жалпы мақсат бұл жерде тергеп- тексеру емес, бұл жерде жаңағы қоғам болып қоғам мүшелері ол депутат болсын, жекелеген мүшелері болсын жергілікті атқарушы орган болсын бірлескен жұмыстың арқасында біз халықтың әл- ауқатын арттырамыз.