$538.89 €629.53 ₽6.34
×

ЖИ-ге жастардың қызығушылығы жоғары

ЖИ-ге жастардың қызығушылығы жоғары

Елімізде Жасанды интеллект министрлігі құрылады. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы Мұрат Әйтімов бүгінде осы салада шәкірттер тәрбиелеуде. Ол жастардың қызығушылығы ерекше екенін айтады. ЖИ қазіргі уақытта барлық салада өзекті құрал болғанымен, келешекте еңбек құралы ретінде дамуы мүмкін деген пікірде. Ал Мемлекет басшсы айтқан цифрландыру мәселесінде жасанды интеллекті  дұрыс әрі жүйелі қолдану арқылы ғана оң нәтижеге қол жеткіземіз дейді.

МҰРАТ ӘЙТІМОВ, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

ЖИ қазіргі заманның тек қана трекенді емес, қозғаушы күші болып тұр. Қазіргі уақытта соған байланысты біз барлық шешімдерімізді, барлық экономикадағы өзгерістердің барлығын соған сүйене отырып жасауымыз керек.