$538.89 €629.53 ₽6.34
×

Арқалықтағы әуежайды қайта қалпына келтіру - межелі міндет

11.09.2025ж. 19:00
Арқалықтағы әуежайды қайта қалпына келтіру  - межелі міндет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Жолдауында  Торғай өңіріне  айрықша көңіл бөлу керек деді. Арқалықтағы  әуежайды қайта қалпына келтіру жұмысы да межелі міндет. Бұл игі  бастамалар  аймақтың экономикалық белсенділігін арттырып,өзге де саланың  дамуына серпін бермек. 

Дамудың басты факторларының бірі -даңғыл жол. Торғай арқылы өтетін «Орталық-Батыс» күре жолы жайлы мемлекет басшысы Бурабайда өткен құрылтайда айтқан еді. Бірнеше ай бұрын құрылыс жұмыстары басталды. 4 жылда тас жол толық салынады. Жол салынса, жол бойындағы Торғай қайта түлейді.Өңір өркендей түседі.Кәсіп жанданып, жұмыс орындары ашылады.Күре жол күллі елдің күдері.Үкілі үміті.

АҚЫЛБЕК САПАРҒАЛИ, АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Торғай аумағы халқын біріктіріп отырған осы Батыс пен Орталық тас жолы салынады деген хабарды естіп қуанып жүрміз.Адамның бойына күш-қуат беретін қан тамыр ғой.Сол сияқты мынау Торғай өңіріне күш беретін жаңа күре тамыр секілді деп ойлаймын.

ДӘУРЕНБЕК ӘБДІБЕКОВ, ЖУРНАЛИСТ:

Президент кеше  қадап тұрып, үлкен мінберден осы жолдауында  Торғай өңірінің дамуына Үкімет баса назар аудару керек, үнемі Үкіметтің  назарында болу керек дегеннен кейін даңғыл жолдың Торғай үстінен салынатынына халық сеніп отыр.

Торғай атырабы 4 млн гектарға жуық.Тұсында 400 мың қой өрбіген қасиетті мекен. Жерінің асты да, үсті де байлыққа толы. Қара тұз. Мол көлемдегі қоңыр көмір. Мұнай, ыстық су. Осының бәрі игерілсе шалғайдағы өңірдің шалықтап шыға келер күні алыс емес.

БАТЫРБЕК АХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жалғыз Торғайдың атын атап, өңірдің өркендеуі Үкіметтің назарында болу керек деген тапсырмасы  бұл енді шаруаның бәрі шешіледі  деген ойдамын.Қазіргі Торғайдағы, өңірдегі істеледі деген неше түрлі пайдалы қазбалар, кезіндегі алынған Арқалықтың құмдары, саз балшығынан да керемет шаруалар істеуге болатыны кезінде дәлелденген.

Торғай  –  халқы аз, облыс орталығынан шалғай жатқан  өңір. Тұңғыштар түлеген текті топырақта әлеуметтік-экономикалық түйткіл  де көп.Киелі өлкеге Президенттің  ерекше назар аударуы талай мәселенің шешілуіне сеп болар деп ел сенім артып отыр.