Былтыр Алматыға 2 миллионға жуық турист келген. Туризм саласын онан әрі арттыруға мүмкіндік мол. Жергілікті атқарушы органдар туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға мән беруі тиіс. Шілде айында туристік жерлердің барлығын ретке келтіру туралы Президент тапсырма берген болатын. Жұрт жиі баратын демалыс орындарынан бөлек, болашағы зор басқа да бағыттардың әлеуетін арттыру маңызды. Мемлекет басшысы Жолдауында Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тау туризмі мен тау шаңғысы туризміне арнайы тоқталды. Қазіргі таңда бұл бағыттағы ең өзекті мәселе – заманауи инфрақұрылым салу. Егер осы міндетті ойдағыдай орындалса, еліміздің курорттары жер жүзіне танылып, Қазақстанның бетке ұстар ұлттық бренді болады деді.
ТІЛЕК ӘДІЛЖАНОВ, ІЛЕ-АЛАТАУ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі таңда туризмді дамыту мақсатында Ұлттық паркте 5-тен астам визит орталық бар. Туризмнің негізі нақты дамуы осы визит орталықтарға байланысты. Өйткені бұл жерде туристерге арналған арнайы жағдайлар жасалған. Ол қоғамдық әжетхана, ақпарат, гидтердің қызметтері. Соған байланысты қазіргі таңда осы визит орталықтарының арқасында Ұлттық парктің туризмі жақсы дамып жатыр.