$538.89 €629.53 ₽6.34
×

Түркістандық оқушылар ағаштан ұлттық бұйымдар жасап жүр

Түркістандық оқушылар ағаштан ұлттық бұйымдар жасап жүр

Түркістандық оқушылар ағаштан тұрмыстық бұйымдар, сәндік әшекейлер жасап, өз қолтаңбасын қалдыруда. Еңбекке баулуға арналған үйірмеге 15 оқушы тұрақты қатысуда. Олардың еңбектері мектепішілік көрмелер мен қолөнер байқауларында таныстырылып, көрерменнің жоғары бағасына ие болған. Сондай-ақ бұл жер ұлттық дәстүрді дәріптеп, еңбекке баулитын тәрбиелік алаң болып отыр.

ӘЛІМБЕК ТІЛЕУЛИЕВ, ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІСІ:

Өзімнің қолымнан үйреткен өнерлерім, ағаш бұйымдары қазіргі нақышта жасалып жатыр. Астау бар, қобыз бар. Соларды халыққа көрсетіп, осы оқушылар биіктен көрінсе деген арманым сол. Ұстаздың қашанда арманы осы.