Павлодар облысында пайдаланылмай бос жатқан 117 мың гектер жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жерге егін егіп, мал жайып отырған ауыл халқы үшін үлкен мүмкіндік. Өйткені, аймақта жер тапшылығы мәселесі өзекті. Мемлекет басшысы халыққа арнаған биылғы жолдауында да осы түйткілді шешуді тапсырған болатын.
Мемлекет басшысы биылғы жолдауда ел дамуының жаңа кезеңге қадам басқанын айтты. Ол үшін 3 жыл ішінде сандық дәуірге көшіп, жасанды интелектіні күнделікті өмірге енгізу жайын қозғады.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Бүгінгі таңда әлем жыл сайын емес, күн сайын өзгеріп жатыр. Бұл өзгерістердің тамыры жасанды интелекте тұр. Сондықтан жолдаудың басты тақырыбы цифрлық өзгерістер мен жасанды интелекке бейімделді. Негізгі міндет 3 жылда цифрлы мемлекетке айналу.
Павлодар облысы да сандық жүйеге көшуге дайындықты бастап кетті. Жасанды интелектіні өңірдің дамуына әсеретін барлық салаға енгізу жоспары жасалып жатыр.
АҒЫБАЙ ӘМІРИН, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Қауіпсіз қала» жобасы бізде тұрғындардың қауіпсіздігін, оқушылардың қауіпсіздігін, жолдағы қауіпсіздік, судағы қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігін бірден қамтитын үлкен жоба. Мысалы, айтайық іздеуде жүрген адамдар соның ішінде қылмыс жасаған адамдарды бірден анықтау. Оның анықтауы 90 пайыздан жоғары.
Аймақта биыл бос жатқан 117 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жайылымдық жерлердің тапшылығын шешуге септігін тигізбек.
АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Павлодар ауданында жайылым жерлер жетіспейді. Көбіне егістік жерлердің игерілмей бос жатқаны байқалады. Жерді алып ап, не өзі пайдаланбай, не басқалардың пайдаланылуына жол берілмей отырған фаткорлар да жеткілікті. Сондықтан біз «Жер аманаты» комиссиясы ретінде осы жерлердің қайтарылуын және әрі қарай дұрыс кәдеге асуын қадағалайтын боламыз.
Жолдауда Президент ауыл шаруашылығына арналған жерлердің сандық платформасын жасауды жүктеді. Бұл жұмысқа Павлодар облысын да өз үлесін қоспақ.