$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Атырау облысында қоғамдық тәртіпті бұзған екі мыңнан астам азамат анықталды

Атырау облысында қоғамдық тәртіпті бұзған екі мыңнан астам азамат анықталды

Атырау облысында қоғамдық тәртіпті бұзған екі мыңнан астам азамат анықталды.

Атырау облысында халық арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу, әкімшілік аумақтарды аралау, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалмауын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында әкімшілік аумақта орналасқан тұрғын үйлер мен аулаларды аралау жұмыстары жүргізіліп, тұрғындармен тығыз байланыс орнату көзделді. Нәтижесінде 28 824 тұрғын үй тексерілді. Сонымен қатар мекенжайларды аралау кезінде 50 заңсыз жалдамалы пәтер анықталды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген шара барысында тәртіп бұзған 80-ге жуық жасөспірімнің әрекеті тіркелді. Бұдан бөлек, қоғамдық тәртіпті бұзған 2000-нан астам азамат  жауапқа тартылды. Өңірдің тыныштығы мен қауіпсіздігі – барша тұрғындарға ортақ міндет. Сондықтан қоғамдық тәртіпті бұзбай, заң талаптарын бұлжытпай орындауға шақырамыз.