Алматы облысында оқушылар мінген автобус жеңіл көлікпен соқтығысты. Полицияның мәліметінше, жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапқан, ішіндегі жолаушы ауруханада көз жұмған. Алдын ала ақпарат бойынша, Hyundai жүргізушісі бұрылу кезінде автобусқа жол бермеген. Қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жай анықталып жатыр. Тергеу барысы Алматы облысының полиция департаменті басшылығының бақылауында.