$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Павлодарда 8 айда 42 адам жол апатынан көз жұмды

12.09.2025ж. 19:00
Павлодарда 8 айда 42 адам жол апатынан көз жұмды

Павлодар облысында биыл 700-ден астам жол апаты болған. 42 адам көз жұмды. 900-ден аса адам түрлі  жарақат алған. Оның ішінде 200-ден астам бала бар. Бұл -өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама көп. Полиция дерегінше, жол апатына жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс арттыруы себеп болады. Жол көлік оқиғасын азайту мақсатында бейнебақылау камералары көбейтіліп жатыр. Бұл жол қозғалысын бақылауға, жүргізушілерді жол ережесін сақтауға көмектеспек. Президент биылғы жолдауында жолдағы қауіпсіздік мәселесіне алаңдаушылық білдірген болатын. Себебі елімізде жылдан жылға жол апаты көбейіп барады.

АЗАМАТ КҮРКЕБАЕВ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ел Президенті жолдауында айтқандай, көлік жүргізушілерінің мәдениетін арттыру керек. Қоғамды өзгертем десең өзіңнен басталады. Әр көлік жүргізушісі, әр ата-ана күнделікті түрде өзінен есеп алатын болса, өзінің көлік жүргізуіне немқұрайлы емес, жауапты қарап, жолда бір-бірін сыйлап жүргізушілер. Осының бәрін алдын алуға адам баласы өзіне жұмыс жасаса, онда қоғамда толықтай тәртіп болады.