«Жасанды интеллект – заман талабы». Осылай деген тұрғындар Президенттің Жолдауда айтқан пікірін қолдайтындарын жеткізді. Цифрландыруға басымдық беру елдің экономикасын дамытып, әлемдік аренада беделін арттыруға мүмкін береді дейді. Әрі озық ойлы мемлекет болуға тағы бір қадам екеніне сенімді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының инвистиция, кәсіпкерлерді қолдауға қатысты айтқан ұсынысын құптап отыр.
БЛИЦ:
- Шағын кәсіпкерлерге налогты жеңілдету, сол мәселелерді қозғады. Өте дұрыс жағдай деп ойлаймын. Ауылдағы кәсіпкерлер көбісі жастар жұмыс болмай қалаға қашып жатыр, шетелге шығып жатыр. Сол жастар ауылда қалып кәсіптерін дөңгеліп отырса.
- Цифрландыруға басымдық бергенін толықтай құптаймын. ІТ, ЖИ салаларында заман талабына сай және Қазақстанның дамуына әрі қарай басқа да елдермен бірге қабілеттілікті арттыра түсетініне себепші болатына сенемін.
- Еліміздегі қаншама заңсыз беріліп кеткен жерлер. Олардың мемлекетке қайтарылуы, қайтарылып қана қоймай, олардың қайтып халыққа беріліп, игере алатын адамдардың сонын тетігін тауып, керекке асыруға тапсырғаны маған өте ұнады.
- Жасанды интеллект –бұл болашақтың кілті деп ойлаймын және ол компьютермен жұмыс, робототехника және сол заттарға керек деп ойлаймын.
- Еліміздің болашағының барлығы осы цифрлық дамуға тікелей байланысты.Бұның бірін айтып кететін болсақ-бұл ауылшаруашылығы салалары. Мысалы, қазіргі таңда цифрлық даму арқылы біз егіннің шығымын және де осы қай жерде қандай жердің құнарлы екендігін біле аламыз және осы арқылы еліміздің болашақтағы дәнді-дақылдарымызды өсіп-кеңеюіне тікелей мүмкіндік аша аламыз.
- Өзіме ұнағаны - жасанды интеллект. Бұл деген болашақта өзімізге қажет нәрсе, жұмысшы жастардың, үлкен кісілерге де, ауылдағы кісілерге де, яғни, қолданысқа келсе өте керемет деп ойлаймын енді.