«Таза Қазақстан» бастамасын жалғастыру, оны жаңа деңгейге көтеру - мемлекеттің де, әрбір азаматтың да міндеті. Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары бұл бағытта айтарлықтай ілгерілеу бар. Бұрын көше тазалығына тұрғындарды сенбілік арқылы ғана шығаратын болсақ, қазір жастардың өз еркімен қатысып, тіпті алыс аймақтарға барып табиғатты қорғауға үлес қосып жүргені қуантады. Бұл азаматтық жауапкершіліктің артып келе жатқанының белгісі дейді.
МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:
Қазір қала да, дала да, халқымыздың санасы да тазарды. Қазір күнде теледидарды қарасаң көше тазалап, көше түгілі ай даланы тазалап жатқан елді көресің. Ықылас ниетімен, әсіресе соның ішінде жастардың жүргеніне мен қатты қуанамын.