$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Азаматтардың жеке дерегі таралып кетпеуі үшін бағдарлама жасалды

Азаматтардың жеке дерегі таралып кетпеуі үшін бағдарлама жасалды

Енді елімізде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін отандық бағдарлама бар. "IBATYR" - қазақстандық IT-мамандары жасанды интеллектіге негіздей отырып жасаған бағдарлама.  Міндеті ірі компаниялар мен ұйымдардың ішкі ақпараттары сыртқа шығып кетпеуін қадағалау. Сондай-ақ, түрлі қатерден қорғап, хакерлердің әрекетін анықтайды.

ВИТАЛИЙ ЛИ, IBATYR БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АВТОРЫ:

Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты - қазақстандық цифрлық өнімдердің әлеуеті мен мықтылығын көрсету. Біз отандық, бәсекеге қабілетті және инновациялық сату маркасын жасап шығарғанымызбен мақтанамыз. Бұл брендтер қазірдің өзінде әлемнің бірқатар елінде сұраныста.