$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Медициналық мекеме болмаған 194 елдімекенде денсаулық сақтау нысаны салынды

Медициналық мекеме болмаған 194 елдімекенде денсаулық сақтау нысаны салынды

Бұрын-соңды медициналық мекеме болмаған 194 елдімекенде денсаулық сақтау нысаны салынды. Ұлттық жобада 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісін салу көзделген. Оның ішінде 260 медициналық пункт, 235 фельдшерлік-акушерлік пункт, 160 дәрігерлік амбулаторияны халық игілігіне беру қарастырылған. Оның 228-сі медициналық объектілер болмаған ауылдарда, ал 427 объекті бұрын тозған медициналық объектілердің орнына бой көтермек.

ТИМУР МҰРАТОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Жоспарланған 655 нысанның 540 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны салынып бітті. Оның 346-сы ескірген және талапқа сай емес ғимараттың орнына салынса, 194-і бұрын медициналық инфрақұрылыммен қамтылмаған ауылдық елді мекендерде орын тепті. Құрылысы аяқталған 540 нысанның 227-сі медициналық пункт, 187-сі фельдшерлік-акушерлік пункт, 126-сы дәрігерлік амбулатория.