$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Елімізде арнайы білім беру орындары екі есе артты

Елімізде арнайы білім беру орындары екі есе артты

Атырау облысында мектепке дейінгі білім беру ұйымында алғаш рет  инклюзивті қолдау кабинеттері ашылды.  Өйткені аймақтағы ерекше білім беруді қажет ететін әр төртінші бала - мектеп жасына жетпеген. №29 «Нұрсая» бөбекжай-балабақшасындағы инклюзивті кабинеттер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда логопед, психолог, дефектолог және емдік дене шынықтыру мамандары жұмыс істейді. Сондай-ақ, әр балаға арнайы оқыту әдістемелері, бейімделген бағдарламалар қолданылып, психологиялық қолдау көрсетіледі. Айта кетейік, аймақта 8 мыңға жуық  ерекше білімді қажет ететін бала  бар. Оның 2500і-і әлі мектепке дейінгі жаста.  Елімізде арнайы білім беру орындары екі есе артқан.

ЛАУРА МЕҢДІҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ерекше балаларды қолдау, өздеріңіз білесіздер ерте анықталған жағдайда оған жазылуы жоғары, балалардың қалыпқа келуі, әлеуметтеу мүмкіндігі жоғары. Сондықтанда біз бұл бастаманы жалғастырамыз.