Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақ тілін латын қарпіне көшіруді қамтамасыз ететін 4 бірдей жұмыс тобы құрылды

AstanaTV
17.11.2017ж. 20:00
3176
Қазақ тілін латын қарпіне көшіруді қамтамасыз ететін 4 бірдей жұмыс тобы құрылды

Бүгін премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен латын қарпіне көшу мәселесі бойынша ұлттық комиссияның отырысы өтті. Онда жаңашылдықтың бірқатар маңызды тұстары талқыланды. Жобаны жүзеге асыру үшін 4 бірдей жұмыс тобы құрылған. Алғашқысы орфография мәселелері бойынша. Яғни қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруде орфография мен орфоэпия ережелерін дайындау ісін қадағалайды. Екіншісі, әдістемелік жұмыстар бойынша топ. Ол латын әліпбиін үйрету және оқыту әдістемесін жасап, білім беру жүйесіне біртіндеп енгізуді қамтиды. Үшіншісі терминге қатысты. Латын графикасының негізінде қазақ тілінің терминологиялық базасын жүйелеуді қамтиды. Және соңғысы, сараптамалық-техникалық жұмыс тобы, латын графикасын ІТ технология талаптарына сәйкестендіру мақсатында құрылды.

Айта кеткен жөн, ұлттық комиссия үкіметке қарасты кеңесші орган болып табылады. Оның мақсаты - латын қаріпіне көшу үдерісінде сапалы дүниелерді қамту. Еліміз латын қарпіне 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен өтуді көздеп отыр. Бүгінде мамандарды даярлау жайы басты назарда тұр.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ