$540.84 €634.46 ₽6.43
×

БҰҰ Балалар қоры Ауғанстандағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетпек

13.09.2025ж. 13:17
БҰҰ Балалар қоры Ауғанстандағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетпек

Қор гуманитарлық көмек көрсетуге арналған алты айлық жоспарын таныстырды. Жоспардың жалпы құны – 22 миллион доллар, деп хабарлайды Astana TV.

Қаржы Кунар мен Нангархар провинцияларындағы жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен 400 мың адамға, соның ішінде 212 мыңнан астам балаға көмек көрсетуге бағытталған.

31 тамызда аталған провинцияларда магнитудасы 6-дан жоғары жер сілкінісі тіркеліп, оның артынан бірнеше қуатты қайталама дүмпулер болды. Жерасты дүмпулері салдарынан 2 200-ден астам адам қаза тауып, 3 мыңнан астам адам жарақат алды.