$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Назым Қызайбай әлем чемпионаты финалына шықты

13.09.2025ж. 17:42
Назым Қызайбай әлем чемпионаты финалына шықты

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Сабина Бобокуловамен жұдырықтасты, деп хабарлайды Astana TV.

Бірінші раундта Назым Қызайбай 5:0 есебімен жеңсе, екінші кезең 2:3 есебімен өзбекстандық боксшының пайдасына аяқталды. Дегенмен үшінші раундта Назым тағы да басымдығын танытты.

Назым әлем біріншілігінде үш мәрте топ жарса, бір мәрте қола жүлдегер болды.Сондай-ақ ол 2021 жылы Азия чемпионы атанып, 2024 жылы Париж Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізді.